2025 жылғы 06–10 қазан, Курчатов қ., Қазақстан Республикасы
Баяндамалардың тезистері электронды түрде conf2025@nnc.kz e-mail-іне 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін жіберілуі тиіс.
Тезистердің көлемі – А4 (210×297 мм) пішімді 1 беттен аспауы тиіс, жиектері: үстінде, сол жақта, төменде – 25 мм; оң жақта – 15 мм. Қарпі – Times New Roman, биіктігі 12 пт, бір аралық арқылы. Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, оның астына авторлардың тегі, аты-жөні және өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады. Баяндамалардың тезистер жинағы конференция қарсаңында басып шығарылады.
Жарнаны 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК есеп шоттарына аударуға болады:
Ұйымдастыру жарнасын төлеген соң төлем құжатының сканерленген көшірмесін жіберулеріңізді сұраймыз. Жарнаны сондай-ақ тіркеу кезінде, конференция ашылған күні қолма-қол ақшамен төлеуге де болады.
2025 жылғы 01 наурыз – онлайн-тіркеудің ашылуы
2025 жылғы 01 тамыз – өтінімдерді қабылдауды аяқталуы
2025 жылғы 01 қыркүйек – тезистерді қабылдауды аяқталуы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК,
180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б
Тел. +7 (722-51) 3-33-14
Email: conf2025@nnc.kz